№ | Бағыты | Ғылыми дәрежесі | Қызметі | Штат бірлігі |
1 | Орыс тілі | магистр | Аға оқытушы | 1,5 |
Барлығы: | 1,5 |
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлер 2024 жылдың 29 қарашасына дейін Басқарма төрағасы-Ректор атына өтініш береді (107 каб).
Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Түркістан қаласы, Рабиға Сұлтан Бегім көшесі, 14 А. (107/07 бөлме)
Өзге қаладан келетін үміткерлер үшін, құжаттарды kense@iuth.edu.kz электронды поштасы арқылы жіберуге болады.
Қосымша ақпаратты 8 701 144 96 64, 8701 462 80 70 телефондарына хабарласып алуға болады.
Өтінішке қоса мынадай құжаттар өткізіледі:
- Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақша;
- Түйіндеме (резюме);
- Жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
- Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары (инклюзивті білім беру және цифрлық құзыреттіліктер, гибридтік немесе қашықтықтан оқыту бойынша сертификаттарының болуы міндетті);
- Ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса);
- Медициналық анықтама № 075 нысан бойынша;
- Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін есепке алу жөніндегі мәліметтердің болуы, не болмауы туралы анықтама;
- Наркологиялық ұйымның конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы анықтамасы;
- Конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Жеке куәлік;
- Үміткерлердің мектептің дамуына қосатынын үлесі туралы жоспары (презентация 2-3 слайд көлемінде).
Тізбеге сәйкес құжаттардың толық болмауы өтінішті қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (ғылыми жарияланымдар тізімі, бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсыныстары), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
Ескерту: Конкурс офлайн форматта өткізіледі және конкурс отырысының болатын уақытын қосымша хабарлаймыз!