5.45 мм КАЛАШНИКОВ АВТОМАТЫ АК-74М

АК-74М автоматы жеке қару болып табылады және жаудың тірі күшін жоюға және атыс құралдарын зақымдауға арналған.Түнгі табиғи жарық жағдайында ату үшін ТАҚБЖ құралы қосылады. Автомат ГП – 25 ұңғы астылық гранатаметімен бірге пайдаланылуы мүмкін. Қарсыласты қоян-қолтық ұрыста жеңу үшін автоматқа сүңгі-пышақ  қосылады.

Тактика-техникалық сипаттамалары

 

Калибрі, мм

5,45

Атудың көздеу қашықтығы, м 

1000

Тура атыс қашықтығы:

 

Кеудеге дейінгі нысанаға, м 

440

Жүгірген нысанаға, м.

625

Ату қарқыны, ату/мин. 

600

Жауынгерлік ату жылдамдығы, ату/мин.:

 

Жеке оқ ату кезінде

40

Автоматты ату кезінде

100

Оқтың бастапқы жылдамдығы, м/сек 

900

Оқтың қиратқыш күші сақталатын қашықтық, м

1350

Оқтың алысқа ұшу қашықтығы, м 

3150

Автоматтың салмағы, кг:

 

Жабдықталмаған оқжатармен 

3.8

Жабдықталған оқжатармен

4.1

Оқжатардың сыйымдылығы

30

Пластмассалы оқжатардың салмағы, кг

0.2

Болат өзекшесі бар оқ патронының салмағы, г

10.2

Сүңгі-пышақтың салмағы, кг

 

Қабынмен

0.37

Қабынсыз

0.23

Автомат ұзындығы, м.

 

Бекітілген сүңгі-пышақ пен ашылған дүмбі 

1105

Сүңгі-пышақсыз, ашық дүмбі / жабық дүмбі

940/700

 

Автоматты толық емес бөлшектеу және жинау

Автоматты толық емес бөлшектеу тәртібі:

1. Оқжатарды бөлу.

2. Оқтықта патронның бар-жоғын тексеру, шүріппені бақылау ретінде басу.

3. Сауыт ұясынан сауытты шығару.

4. Сүмбіні алу.

5. Ұңғы аузындағы тежеуіш-компенсаторын бұрап алу.

6. Ұңғы қорабының қақпағын ашу.

7. Қайтармалы механизмді ажырату. 

8. Бекітпе жақтауы мен бекітпені шығару.

9. Бекітпе жақтауынан бекітпені бөлу.

10. Газ түтігін ұңғы жапсырмасымен бөліп алу.

Автоматты толық емес бөлшектеуден кейін жинау тәртібі:

1. Газ түтігін ұңғы жапсырмасымен бекіту.

2. Бекітпе жақтауына бекітпені қосу.

3. Бекітпе жақтауы мен бекітпені ұңғы қорабына бекіту.

4. Қайтармалы механизмді қосу.

5. Ұңғы қорабының қақпағын жабу.

6. Ұрыс жағдайынан шүріппені басып, сақтандырғышты қауіпсіз жағдайға қою.

7. Ұңғы аузындағы тежеуіш-компенсаторын бекіту.

8. Сүмбіні бекіту.

9. Сауыт ұясына сауытты қою.

10. Оқжатарды бекіту.

 

Негізгі бөлшектері мен механизмдерінің мақсаттары

ҰҢҒЫ – оқтың ұшуын бағытттау үшін қызмет етеді.

ҰҢҒЫ АУЗЫНДАҒЫ ТЕЖЕУІШ-КОМПЕНСАТОРЫ – атыс шоғырлануын арттыру және кері тебу энергиясын азайту үшін арналған. 

ГАЗДЫҚ КАМЕРАСЫ оқ-дәрі газдарын ұңғыдан бекітпе жақтауының газ поршеніне бағыттауға қызмет етеді. 

ЖАЛҒАСТЫРҒЫШ сағақты автоматқа қосу үшін қызмет етеді.

ҰҢҒЫ ҚОРАБЫҢЫҢ ҚАҚПАҒЫ ұңғы қорабындағы бөліктер мен механизмдерді ластанудан сақтайды.

ҰҢҒЫ ҚОРАБЫ автоматтың бөліктері мен механизимдерін қосуға, бекітпемен ұңғының арнасын жабуға және бекітпені бекітуге арналған. 

БЕКІТПЕ патронды оқтыққа жеткізу үшін, ұңғы арнасын жабу үшін, капсюльді бұзу және оқтықтан оқсауытты алу үшін қызмет етеді. 

КӨЗДЕУ АСПАПТАРЫ автоматты нысанаға бағыттау үшін қызмет етеді.

ДҮМБІ МЕН ТАПАНША САБЫ атыс кезінде ыңғайлылықты қамтамасыз етеді.

ГАЗ ПОРШЕНІ МЕН БЕКІТПЕ жақтауы бекітпе мен соққыш-ағытқыш механизмді іске қосу үшін керек. 

ҚАЙТАРМАЛЫ МЕХАНИЗМ бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алдыңғы жағдайға қайтару үшін қызмет етеді.

САҒАҚ автоматпен ыңғайлы әрекет жасау және автоматшының қолын күйіктен сақтау қызметін атқарады.

СОҚҚЫ-АҒЫТҚЫШ МЕХАНИЗМІ шүріппені ұрыстық қайырмадан немесе автоағытқыш қайырмасынан босату үшін, соққышқа соққы беру үшін, автоматты және жеке атыс жүргізілуіне, атуды тоқтатуды қамтамасыз ету үшін, бекітпе жабылмаған кезде атысты болдырмау үшін және автоматты сақтандырғышқа қою үшін қызмет етеді.

ОҚЖАТАР патрондарды орналастыру және оларды ұңғы қорабына беру қызметін атқарады.

СҮҢГІ-ПЫШАҚ жақын ұрыс кезінде қарсыласты жоюға арналған, сонымен қатар пышақ, ара (металды кесу үшін) және қайшы (сымды қию үшін) ретінде қолдануға болады. 

Соққы-ағытқыш механизмі

Автомат жинағы

Калашниковтың 5,45 мм автоматына (пулеметіне) арналған оқ-дәрілер.

Траекториядан асып кету кестесі