Университет кампусында алғашқы инвестициялық жоба негізінде «ДанияМед» медицианалық орталығы ашылды

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің кампусында алғашқы инвестициялық жоба негізінде «ДанияМед» медицианалық орталығы ашылды.

Аталған орталық барлық отбасы мүшелеріне кешенді медициналық қызмет көрсетеді.

Мекемедегі медициналық құрылғылар толығымен соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталған.

«ДанияМед» медициналық орталығы IUTH кампусында орналасқанымен барлық жұмсалған қаражат пен шығындар инвестор тарапынан жүзеге асырылды.

IUTH қызметкерлері мен студенттер үшін сапалы медициналық қызметті кез-келген уақытта алуына мүмкіндік береді.