Қазақстанның Құрметті консулы Хью Холлман мен The University of Arizona делегациясы келді

Халықаралық туризм және меймандостық университетіне Қазақстанның Құрметті консулы Хью Холлман мен The University of Arizona делегациясы келді

Кездесу барысында екі тарап туризм бағыты бойынша қос диплом бағдарламасын жүзеге асыру мәселесін талқылады.
The University of Arizona университеттердің әлемдік рейтингтерін бағалау орталығының деректері бойынша әлемдегі үздік 1%-ға кіреді. Сонымен қатар, Американдық университеттер ассоциациясының 62 мүшесінің бірі болып табылады.

Алдағы уақытта қос тарап екі жақты ынтымақтастық келісім негізінде жұмыс жасайтын болады.