Халықаралық туризм және меймандостық университетінде “Денсаулық күніне” орай студенттерге арналған спартакиада өтті.
Аталған спорттық сайысқа 30 командадан 500-ден аса студент қатысып өзара бақ сынады.Спартакиада, эстафеталық ойын,бір орыннан ұзындыққа секіру, арқан тарту,ерсілі қарсылы жүгіру спорт түрлерінен өткізілді.
Тартысты да қызықты өткен спартакиада ойынында Спорттық-сауықтыру фитнесі ССФ 24-09 тобы І орынды иеленді. Ал ІІ орынға
Спорттық туризм СТ 24-02 тобы тұрақтаса,ІІІ орынды
Спорттық-сауықтыру фитнесі СОФ 24-0І тобы місе тұтты.
Алдағы уақытта студент жастардың спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, бос уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін осындай сайыстар дәстүрлі өткізілетін болады.