“Қаржы орталығы” АҚ студенттерге және түлектерге 1414-тен хабарлама таратуда!

1414-тен хабарлама

1414-тен 2012-2024 жылдар аралығында оқыған барлық Жас мамандарға СМС жолдауда (бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура және доктор философия санаттары бойынша). 

Мемлекеттік білім беру тапсырыс негізінде жоғары оқу орындарында оқитын студенттер мен түлектерге 1414 «электрондық үкімет» порталының бірыңғай байланыс орталығынан дербес деректерді (жұмыс берушінің БСН, жұмысқа орналасу мерзімі) алу туралы сұрау салу SMS-хабарламасы «Қаржы орталығы» АҚ тарапынан 2012-2024 жылдар аралығында оқыған барлық Жас мамандарға жіберілуде.

Ескерту: SMS Мобильді азаматтар базасы (МАБ) сервисінде тіркелген номерге келіп түседі және 15 минут ішінде жауап қабылдайды.

Сұрауға жауап ретінде SMS  хабарламаны алушы тұлға дербес деректерді ұсынуға 511 (келісім) немесе 512 (бас тарту) мәтіні бар SMS жіберуі тиіс.

  • 511 (келісім). Студент немесе түлек келісім берілген жағдайда  «Қаржы орталығы» АҚ атына жұмыс орны туралы растайтын құжаттарды ұсынудан босатылады. 
  • 512 (бас тарту). Студент немесе түлек келісім бермеген жағдайда  «Қаржы орталығы» АҚ атына жұмыс орны туралы растайтын құжаттарды алты ай сайын үш жыл бойы ұсыну қажет. 

Бұл жаңашылдық «Қаржы орталығы» АҚ және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелерін табысты интеграциялаудың нәтижесі болып отыр. 

SMS-хабарламаны жіберу барлық абоненттер үшін тегін.

Қосымша сұрақтар бойынша: 8 (800) 080-28-28 (Call-центр)