II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТІК КОНГРЕСС «БОЛАШАҚ ТУРИЗМІ – ТУРИЗМНІҢ БОЛАШАҒЫ» РЕСЕЙ МЕН ТМД ЕЛДЕРІНІҢ СТУДЕНТТЕРІН ЖИНАЙДЫ

2024 жылдың 27 қыркүйегінде Дүниежүзілік туризм күніне орай «Болашақ туризмі – туризмнің болашағы» атты II Халықаралық студенттік конгресс өз бастауын алады. 

Конгресс Ресей мен әлемдегі туризм саласындағы жетекші сарапшылар мен студенттердің кәсіби диалогы үшін бірегей онлайн-алаңға айналды.

Конгрестің басты тақырыбы – туризмнің және қонақжайлылық индустриясының тұрақты дамуы – «Туризмнің тұрақты болашағы». 

Конгресс жұмысының негізгі бағыттары: 

  • Туризмнің болашағы және ТМД елдерінің халықаралық туристік интеграциясы
  • Тұрақты туризм – болашақ туризмі
  • Жаңа буын экскурсоводтары – Саяхаттан да көп!
  • Туризм – мамандық па, әлде кәсіп па?
  • Ауылға барайық! Ресейде агротуризмді дамыту
  • Цифрландыру – болашақ туризмі ме, әлде туризмнің болашағы ма?
  • Туризм – экономиканың жаңа драйвері
  • Gran Turismo-мен Кавказ бойынша үлкен саяхат
  • Ресей географиялық қоғамымен (РГҚ) бірге туризмді дамыту. Жобалар мен экспедициялар
  • «Одақтас мемлекет Ресей-Беларусьтегі туризм».

Конгресске Ресей мен ТМД елдерінің 100- ге тарта жоғары оқу орны мен орта мамандандырылған оқу орындарынан 17 мыңнан астам студент қатысады деп күтілуде. 

Ғаламдық іс-шараның мақсаты – туристік кәсіптерді танымал ету және беделін арттыру. Конгресс Дүниежүзілік туризм күніне орай өткізіліп, отандық және әлемдік мәдениет пен тарихты білетін, табиғи мұраны сақтауға жауапкершілікпен  қарайтын, белсенді әрі салауатты өмір салтын ұстанатын жаңа буын туристерін тәрбиелеуге бағытталған. 

Конгреске спикер ретінде туризм индустриясының Ресейлік және халықаралық көшбасшылары, Ресей Білім және ғылым министрлігінің, Ресей Экономикалық даму министрлігінің, Ресей жастары, Ресей географиялық қоғамының, «Қонақжайлылық шебері» атты Бүкілресейлік байқауының өкілдері, кәсіби бірлестіктер, жетекші білім беру ұйымдары, сондай-ақ студенттер, магистранттар мен аспиранттар қатысады. 

Конгресс барысында Ресей мен ТМД елдерінде туризмді дамыту бойынша студенттік жобалардың халықаралық байқауының бастауы жарияланады. 

Конгреске қатысу және тіркелу, бағдарламамен танысу үшін Конгресс сайтында https://turcongress.online/ өтуге болады, сондай-ақ конгресс іс-шараларының трансляциясы осы сайтта өтеді. 

Конгресс Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінің, Ресей Білім және ғылым министрлігінің, Ресей жастары, Ресей географиялық қоғамының, ТМД-ның Экономикалық даму іскерлік орталығының, Қонақжайлылық индустриясының Жалпыұлттық одағының, «Қонақжайлылық шеберлері» атты Бүкілресейлік байқауының, «Россельхозбанк» АҚ және «Погнали!» туристік платформасының қолдауымен ұйымдастырылған.