Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті қызметкерлерінің білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы зерттеулердің VII Халықаралық конференциясына қатысуы (Кембридж, Ұлыбритания).

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын AP19678230 «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып ағылшын тілін оқытуда туризм мамандарының коммуникативті-танымдық құзыреттілігін арттыру» жобасын іске асыру шеңберінде Туркістан қ. Халықаралық туризм және меймандостық университеті, Тіл мектебінің PhD, қауымдастырылған профессор м.а. М.М. Ақешова және Ғылыми зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, PhD, доцент Г.А. Ризаходжаева 07.06. – 10.06.2024ж. аралығында Ұлыбритания, Кембридж қаласында өткен «Білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы зерттеулердің VII Халықаралық конференциясы» (7th International Conference of Advanced Research In Education) қатысты. Жоба орындаушылары ауызша баяндамалар жасап, академиялық қоғамдастыққа жоба шеңберінде 2023-2024 жылдары жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін ұсынды. Конференцияға қатысу білім беру саласындағы соңғы жетістіктермен және үрдістермен танысуға, соңғы әзірлемелер мен зерттеу бағыттары туралы хабардар болуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, жоба орындаушылары Кембридж университетінің ғылыми-технологиялық базасымен, білім беру саласындағы зерттеулерді ұйымдастыру үдерісімен танысты. Бұл іс-шара гранттық қаржыландыру жобасы шеңберінде зерттеулерді ілгерілетуге және өзектендіруге қызмет етеді.