Халықаралық туризм және меймандостық университетінде Директорлар кеңесінің көшпелі отырысы өтті. ҚР туризм және спорт вице-министрі Ержан Мәлікұлы Еркінбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте, университеттің одан әрі даму бағдарламасы талқыланды.
Ең алдымен, Директорлар кеңесінің мүшелері университеттің стратегиялық қызметіне байланысты бірнеше мәселелерді қарастырды. Кеңес отырысында аталған күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, қорытындысы бойынша Директорлар кеңесі Басқарма жұмысын одан әрі жетілдіру үшін ұсыныстар берді. Заңға қайшы әрекеттердің алдын алу, профессор-оқытушылар, қызметкерлер мен студенттердің құқықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін арттыру үшін ұсыныстар айтылды.
Содан кейін Директорлар кеңесінің мүшелері университеттің профессор-оқытушылар құрамымен кездесіп, әңгімелесті. Жиын барысында, Ержан Мәлікұлы Еркінбаев туризм саласына қосқан үлесі үшін бірнеше оқытушыларды арнайы марапаттады.
Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ЖОО дамуы бойынша өз ойларымен бөлісті. Директорлар кеңесінің төрағасы Ержан Мәлікұлы Еркінбаев өз пікірі бар жастармен, оқытушылармен және ғалымдармен диалог құру маңызды екенін атап өтті.