IUTH қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады

Түркістандағы Халықаралық туризм және меймандостық университеті атаулы  800 грант ұсынады. Құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 20 маусымнан бастап 18 тамызына дейін жалғасады. Қабылдау комиссиясы таңғы 9:00-ден кешкі 18:30-ға дейін жұмыс істейді.

Жоғары білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін оқуға түсуші қабылдау комиссиясына тапсырады:

  • белгіленген үлгідегі бланкідегі өтініш;
  • білімі туралы құжат (қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсырған кезде түпнұсқасы);
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  • 6 фотосурет 3*4 см.;
  • 075 нысаны бойынша Медициналық анықтама;
  • ҰБТ сертификаты (қабылдау комиссиясына құжаттарды берген кезде);
  • Скорошиватель, конверт А5

Алыс өңірлерде тұратын талапкерлер өтінішті университеттің ресми сайтына кіріп онлайн түрде бере алады (https://talapker.iuth.edu.kz).

Грант жауаптары 2024 жылдың 20 тамызы күні жарияланады

Мекен-жайымыз:161200, Түркістан қаласы, Рабиға Сұлтан Бегім  көшесі №14А, Қабылдау комиссиясы 

WhatsApp: +7 (707) 317-43-56, +7 (708) 478-42-14, +7 (708) 228-67-12