Халықаралық туризм және меймандостық университетінің білім алушылары Түркия Республикасында жазғы өндірістік тәжірбиесінен өтуде.
Биыл Халықаралық туризм және меймандостық университетінің 22 білім алушысы Анталья қаласында орналасқан Kemer Holiday Club атты қонақ үйінде жазғы өндірістік тәжірбиеден өтуде.
Kemer Holiday Club – бұл жай ғана қонақ үй кешені емес, Жерорта теңізінің көгілдір сулары, қарағайлы ормандар мен керемет Таурус таулары түйісетін нағыз оазисті орта.
Аталған қонақ үй кешенінен тәжірбиеден өтіп жатқан білім алушылар қонақтармен жұмыс істеу және бөлмелерге қызмет көрсету саласынан бастап, мейрамханаларды басқаруға және іс-шараларды ұйымдастыруға дейінгі қонақ үй бизнесінің әртүрлі аспектілерін меңгеру мүмкіндігіне ие.
Университетіміз өз студенттерінің жетістіктерімен әрқашан мақтан етеді. Білім алушылар үшін Kemer Holiday Club-та өндірістік тағылымдамадан өту кәсіби өмірлерінде тамаша бастама болатынына сеніміміз мол. Біз оларға жаңа ортада табысты тәжірибе және жаңа білім алуына тілектеспіз!
Халықаралық ынтымақтастық бөлімі