ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ КҮЗГІ СЕМЕСТРІНЕ ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ КОНКУРСЫ (ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТТЕРІНЕ)

2024-2025 оқу жылының күзгі семестріне Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындарына ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 06.06.2024 жылға дейін құжаттар қабылданады.

Қатысу шарттары:

GPA көрсеткіші 3.0-ден кем емес 1-2 курс білім алушылары қатыса алады.

Қаржылық шарттар:

-Оқу және серіктес ЖОО-ға байланысты ақылы негізде де, ақысыз негізде де жүзеге асырылады (ақылы және тегін оқыту Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің үйлестірушілерімен келісіледі)

Қатысуға өтінім беру:

Өтінім тастау 06.06.2024 күнге дейін төменде көрсетілген құжаттарды PDF форматта international.office@iuth.edu.kz электронды почтасына жіберу арқылы жүзеге асады:

  1. Резюме (Білім алушының аты-жөні, Даярлау бағыты және мамандық шифры, тобы, Тұрғылықты мекен-жайы, Телефон (whatsapp)
  2. Жеке куәлік
  3. GPA (Офис регистратордан аласыздар)
  4. Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысушылардың сауалнамасын толтыру:

https://docs.google.com/forms/d/1P_JL6l-YAqVqHu9ATrLM8Vb6qD4cgndCBelj6cgpyW8/prefill

Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға өтінім 06.06.2024 ж. дейін қабылданады.

Қосымша ақпарат алу үшін Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас маманы Е. Қайыпқа хабарласа аласыз: тел. +77472452020, электрондық пошта: e.kaiyp@iuth.edu.kz

            Ескерту:

            Құжаттарды түзетусіз бір рет жіберіңіз, жібермес бұрын жиналған құжаттардың толық тізімін тексеріңіз (құжаттарды қайта жіберген жағдайда ешқайсысы есепке алынбайды)