Халықаралық туризм және меймандостық университеті Түркі кеңесінің Түркі университеттері одағының құрамына енді

Әзербайжан мемлекеттік экономика университетінде (UNEC) болған Түркі кеңесінің Түркі университеттері одағының VII Бас Ассамблеясында біздің Университет осы беделді одақтың толыққанды мүшесі болғанын хабарлаймыз.

Бұл  бастама Университет үшін маңызды қадамдардың бірі және білім алушылар мен оқытушылар, ғылыми қызметкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер алаңы болмақ.

Одаққа мүше болу біздің Университетке түркі елдерінің басқа да жетекші университеттерімен берік байланыс орнатуға септігін тигізеді. Бұл тәжірибе және білім алмасуға ықпал етеді, сондай-ақ білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтады.

Біздің білім алушылар мен оқытушылар «Orhun Exchange Program» бағдарламасы арқылы Одаққа мүше университеттермен алмасу бағдарламаларына, тағылымдамаларға және бірлескен ғылыми жобаларға қатысуға бірегей мүмкіндік алады.

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі