
2025 жылғы 10 сәуір күні университетте «Development of Tourism in Kazakhstan» атты студенттік ғылыми жобалар байқауы өтті. Байқауға Қазақстан мен Түркістан облысында туризм және қонақ үй-мейрамхана бизнесін дамытуға бағытталған өзекті мәселелерді қамтитын 13 студенттік жоба ұсынылды.
Байқау комиссиясының шешімімен келесі жобалар жеңімпаз деп танылды:
🔹 1-орын — Балтабай Жаннұр және Сәрсенбай Аяулым, «Sustainable tourism through coffee waste recycling: a case study in Turkestan» жобасы;
🔹 2-орын — Аят Ақмарал, «Қазақстандағы этнотуризмнің даму болашағы» жобасы;
🔹 3-орын — Сембек Медина, «Ақылды (smart) туризм: цифрлық технологиялардың туристік индустрияға ықпалы» жобасы.
Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.