IUTH студенті Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды

Бүгін, 1 қазанда Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан 2023 жылғы Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлдеге ие болды.

“Трап” бойынша командалық жарыста спортшыларымыз үшінші орынды иемденді. Мария Дмитриенко, Айжан Досмағамбетова және Анастасия Прилепина 328 ұпай жинап, қола жүлде алды.

Соның ішіндегі Анастасия Прилепина Халықаралық туризм және меймандостық университетінің 4 курс студенті. Қазіргі таңда, Дене шынықтыру және спорт мамандығында білім алады.

Анастасия Прилепинаны жеңісімен құттықтаймыз!