Конкурс Қазақстан Республикасының бағдарламалық құжаттарын іске асыруға бағытталған 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды гранттық қаржыландыру бағыты бойынша өтті.
Алдағы уақытта Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің конкурстық құжаттамасына сәйкес, ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша біздің университет мынадай жобаларды іске асыратын болады:
Жобаның әрқайсысы 70 млн теңге көлемінде қаржылай қолдау алады. Бұл жаңалық жыл сайын ғалымдарға жүктелген жауапкершіліктің арта түскенін, сондай-ақ, олардың зерттеу жұмыстарына қойылатын талаптардың жоғарылағанын көрсетеді.
Үздік деп табылған жоба жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Қазақстандағы ғылымның игі бастамасы үшін қолдау тапқан өнімді жобаларыңызға әрі қарай да сәттілік тілеп, жаңа ғылыми жетістіктер мен толағай табыс тілейміз!
IUTH Баспасөз қызметі