2023 жылдың 10 наурызында Халықаралық туризм және меймандостық университетінде «Туризм» кафедрасының ұйымдастыруымен “XXI ғасырдағы отбасылық құндылықтарды сақтап қалу” тақырыбында open talk өтті. Іс-шараға әр түрлі салада жұмыс атқарып жүрген спикерлер қатысты.Туризм кафедрасының аға оқытушысы Жаркенова Бану Русланқызы модератор болып, жиында қоғамдағы отбасылық құндылықтардың қазіргі таңдағы жағдайы, бала тәрбиесі деген сынды негізгі тақырыптар кеңінен қамтылды. Спикерлер өз кезегінде өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, отбасылық құндылықты сақтаудағы ата-ананың қаншалықты жауапты екенін мысал келтіре отырып, әңгімелеп берді. Келелі кездесудің жастарға берер тағылымы мол болды.