ЖОО үздік оқытушысы 2021» конкурсының бірінші кезең нәтижесі

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсының бірінші кезеңі университет ішінде ағымдағы жылдың қараша айының 1-15 жұлдызы аралығында өткізілді. Конкурсқа мынадай талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады:

      1) ЖОО-ның штаттық оқытушылары болып табылатындар;

      2) Конкурсқа құжаттарын тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық өтілі барлар.

Университетімізден аталмыш конкурстың бірінші кезеңіне Туризм және қонақжайлылық кафедрасының меңгерушісі Н.У.Абишов және аға оқытушысы С.А.Нахипбекова құжаттарын ұсынды. Конкурстық құжаттамалар ҚР БҒМ Ақпараттық жүйесі арқылы рәсімделді және Сараптама тобымен бағаланды.

Республикалық конкурсқа қатысу үшін Конкурс ережесіне сәйкес 50 штаттық оқытушыға 1 үміткерден аспайтын есеппен, ЖЖОКБҰ-ның үздік оқытушылары айқындалуына орай университетімізден конкурстың 2-кезеңіне жоғары ұпай жинаған 1 үміткер жіберіледі.

Университетішілік сараптаудан өткен «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына үміткер  Туризм және қонақжайлылық кафедрасының меңгерушісі Н.У. Абишовтың құжаттары Ғылыми кеңес мәжілісіне ұсынылды.

Төменде  «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына сараптамалық топтың үміткерлер бойынша қорытынды нәтижесі көрсетілген.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» конкурсына сараптамалық топтың сапалық және сандық көрсеткіштер бойынша қорытындысы

ОПҚ аты-жөні

Кафедрасы

Ғылыми дәрежесі, атағы

Жұмыс өтілі

Ұпайы

1

Абишов Нұржан Уринбасарович

Туризм және спорт факультеті,

Туризм және қонақжайлылық кафедрасы

PhD

14

57

2

Нахипбекова Сымбат Абдраимқызы

Туризм және спорт факультеті,

Туризм және қонақжайлылық кафедрасы

PhD

6

20