Web of Science деректер базасын және қазіргі заманғы ғылымиметриялық әдістемелерді пайдалану бойынша онлайн Семинар

2021 жылы 15 наурызда Халықаралық Туризм және меймандостық университетінің базасында Web of Science деректер базасын және қазіргі заманғы ғылымиметриялық әдістемелерді пайдалану бойынша онлайн Семинар өткізілді.

Семинар барысында университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы ғылыми қызметтің барлық кезеңдерінде сенімді ғылыми ақпаратты іздеуден бастап ғылыми беделді құруға дейін көмектесетін жаңа ғылымиметриялық құралдармен танысты.

Clarivate компаниясының Орталық Азия өңірі елдеріндегі ресми өкілі, ғылымиметрия және оқыту ресурстары бойынша сарапшы Инеш Кенжина баяндама жасады.

Семинарға қатысқан барлық қызметкерлерге сертификаттар берілді.