Емтихан тапсырушыларға бэкап

Жиі қойылатын сұрақтар

1. Қандай жағдайда емтиханды қайта тапсыра аламын?

«Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған жағдайда білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесінде «FХ» (25-49) тиісті белгісінің цифрлық баламасына сәйкес білім алушы емтихан сессиясы мен каникул кезеңінде кезекті академиялық кезең басталғанға дейін деканның өкімімен бекітілген қайта тапсыру кестесіне сәйкес емтиханды бір рет тапсыра алады.

2. Қандай жағдайда емтиханды қайта тапсыра алмаймын?

1) «F» (0-24) белгісіне сәйкес «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған кезде.
2) Қорытынды емтихан бағасын көтеру үшін.

3. Өз нәтижеме қанағаттанбаған жағдайда кімге жолықса болады?

Егерде өз нәтежиелеріне көңіліңіз толмаған жағдайда аппеляциялық комиссияға жүгіне аласыз.

4. Белгіленген уақытта емтиханды өткізіп алсаңыз не істеу керек?

Белгілі себептермен келе алмағандығыңызды дәлелдейтін құжаттар болған жағдайда деканат өкімі арқылы белгіленген күні тапсырсаңыз болады.

5. Емтихан тапсыру үшін керек шекті балл (ЖР)?

Деканның өкімімен емтиханға жіберілу рейтингі (ЖР) кемінде 50 балл алған, сондай-ақ төлем бойынша берешегі жоқ және академиялық демалыста болмаған білім алушылар жіберіледі.

6. Қандай аудиторияларда тест/жазбаша емтихан тапсырамыз?

Білім алушылар емтихандарды қатаң түрде емтихан кестесіне сәйкес көрсетілген аудиторияларда тапсырады.

7. Емтиханнан қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда не болады?

«Қанағаттанарлықсыз» «F» (0-24) баға алған кезде білім алушы осы пәнді жазғы сессияға (қосымша семестр) қайта оқуға жазылып, оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысып, пәннің жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес оқу жұмысының барлық түрлерін орындап және осыдан кейін ғана емтиханды қайта тапсырады. Пәнді қайта оқу тек ақылы негізде жүргізіледі.

8. Қандай жағдайларда білім алушыға стипендия беріледі?

Стипендия сессияның (Күзгі және көктемгі) “оң” (70-100 балл) нәтижелері бойынша ғана беріледі.

9. Емтихан кезінде компьютер/интернет істемей қалған жағдайда не істеу керек?

Сайтта техникалық келеңсіз жағдайлар туындаған кездегі байланыс жасау көрсетілген номерлеріне хабарласу керек.

10. Апелляцияға қалай өтініш беріледі?

Сайтта көрсетілген үлгі бойынша деканның атына жазылады.

11. Емтиханға не әкелу керек ?

Жеке куәлік, көк пастасы бар шарикті қалам (гель, сия қаламдары мен түрлі-түсті пасталары бар қаламдарды пайдалануға тыйым салынады).

12. Емтиханға не алып кіруге болмайды?

Емтиханға кітаптар, дәптерлер, ұялы телефондар, басқа электрондық құрылғылар, алдау парақтарын әкелуге тыйым салынады.

13. Емтихан кезінде не істеуге болмайды?

Басқа білім алушылармен қарым-қатынас жасау және хат алмасу, емтиханда көшіруге және кешігуге.

Техникалық келеңсіз жағдайлар туындаған кездегі байланыс жасау номерлері:

Аты-жөні

Қызметі

Байланыс номері

1

Бурханбаева Анжир

Бас маман (Platonus)

+77762082303

2

Мырзаханов Жомарт

Маман (Platonus)

+77475441334

3

Тұрғанбек Мөлдір

 «Туризма және спорт» декан орынбасары

+77025121153

4

Дәуірбаева Нұргүл

Методист

+77716684678

5

Мырзаханова Алтын

Бас маман

+77077637878

6

Ақмырза Қуаныш

“Спорт” кафедрасының лаборанты

+77055551830

7

Джарилкасинова Айжанар

 “Туризма ” кафедрасының лаборанты

+77017035757

8

Турлыбекова Жазира

“Жалпы білім беру” кафедрасының лаборанты

+77075771689

9

Жақсыбек Арайлым

 Тілдер кафедрасының лаборанты

+77074121929

10

Кусбатырова Рабига

«Қонақжайлылық» кафедрасының лаборанты

+77713070680

11

Егеубаев Амирбек Болатбекович

ІТ маманы

+77718057656

12

Баймаганбетов Ержан Бахытович

ІТ маманы

+77013682112