Құрметті ақылы негізде білім алушылар!

Құрметті ақылы негізде білім алушылар! 2023-2024 оқу жылының 2-ші жарты қорытындысы бойынша босаған мемлекеттік  білім беру гранттарына конкурс жарияланады:

  • В091-Туризм ББ тобы бойынша
    • 1 курсқа – 8 орын;
    • 2 курсқа – 8 орын;
    • 3 курсқа – 7 орын;
  • В093-Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі ББ тобы бойынша
    • 1 курсқа – 2 орын;
    • 3 курсқа – 4 орын;
  • В092-Тынығу ББ тобы бойынша
    •   1 курсқа – 17 орын;
  • В005-Денешынықтыру және спорт ББ тобы бойынша
    • 3 курсқа – 3 орын;

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығына сәйкес, 2023-2024 оқу жылы, ІІ-жарты жылдығының нәтижесінде босаған бос білім беру гранттарына үміткерлер өтінішті КеАҚ «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» ректорының атына жолдау қажет (үлгі қосымшада).

Өтінішті 2024 жылдың 01 тамызға дейін Тіркеу кеңсесіне келіп жазасыздар немесе office@iuth.edu.kz  поштасына жіберіңіздер. Көрсетілген күннен кейін жіберілген өтініштер қаралмайды. Өтінішті өз қолыңызбен жазып, қол қоюыңыз тиіс және сканерленген pdf форматта жоғарыда көрсетілген поштаға жіберуіңіз қажет.

Конкурс көктемгі сессия нәтижелері бойынша GPA орташа балының негізінде беріледі (нақтырақ айтқанда, қатысушылар арасында GPA баллы ең жоғары көрсеткіштері бойынша іріктеледі). GPA үлгерімінің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, тек А, А- (Өте жақсы),  келесі кезекте А, А- (Өте жақсы) бастап В+, В, В-, С+ (жақсы) дейінгі бағалары, бұдан әрі қарай оқудың барлық кезеңі үшін аралас бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.

Өтініш үлгісі