Cтуденттер альянсының филиалы ашылды

Аптаның алғашқы күнінде Студенттер Альянсының қалалық филиалы үшін өте маңызды күн болды. Түркістан қаласындағы Халықаралық Туризм және Меймандостық университетінде Студенттер Альянсының филиалы ашылып, қуанышты хабармен бөлісті. Филиал жәй ғана ашылып қана қоймай, сонымен қатар “ALLIANСE SHOW” көңілді концерттік бағдарламасы ұсынылып, ифтар уақытында фуршет үстел дайындалды. Студенттер Альянсының қалалық филиалы алдағы уақытта университет филиалының жұмысын жандандырып, бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Айта кететін дүние, филиал ашылғанымен әлі құрамы  бекітілген жоқ, алдағы уақытта төраға сайланып, құрам жасақталатын болады.