ЖЕҢІМПАЗ СПОРТШЫЛАР ЖАСАСЫН

2021 жылдың наурыз айының 16-20- жұлдыздары аралығында Қызылорда қаласында самбо күресінен өткен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында Халықаралық туризм және меймандостық университеті, дене шынықтыру және спорт мамандығының студенті Давлятов Дияс І орын иеленіп жеңімпаз атанып мамыр айында өтетін Азия чемпионатына жолдама ұтып алды.

2021 жылдың наурыз айының 15-20 жұлдыздары аралығында Бокстан 2000 жылы Сиднейде өткен жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған жастар арасындағы ХІХ Халықаралық турнирде университетіміздің дене шынықтыру және спорт мамандығының үш бірдей спортшылары атап айтар болсақ ДШС-20-03 топтарының студенттері Жандарбек Әділжан, Қыдырәлі Мадияр, Жанабек Рахат І орын иеленіп жеңімпаз атанып ҚР спорт шебері атағын иелене отырып сәуір айының 10-14 жұлдыздары арасында Польша мемлекетінде өтетін жастар арасындағы Әлем чемпионатына жолдама ұтып алды.

Университет басшылығы спортшыларымызға алдағы өтетін спорттық додаларда биіктен көрініп университетіміздің, Қазақстан Республикамыздың намысын қорғап шетелдерде Көк туымызды желбіретуімен қатар Әнұранымызды шырқатуға тілек білдірді.