Студенттер спорты

2021 жылдың наурыз айының 22- жұлдызында Халықаралық туризм және меймандостық университеті «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесіне арнап студенттер арасында волейбол, футбол, баскетбол спорт түрлері бойынша топаралық жарыс ұйымдастырып өткізді.

Университет Ректоры Мурзамадиева Майнюра Советовна жарысқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып Наурыз мерекесімен құттықтап жарысты ашып берді.