Ғалам жиналған орда

Мамандық таңдау оңай емес. Оған қазіргі ақпараттың ағынын, ғаламдануды қосыңыз. Мектеп бітірушілер “Кім болам?” деп көп ойланады. Қазіргі тренд мамандық, мақтаушы кәсіп таңдаймын десе, енді бірі мемлекеттік грант көп бөлінетініне барсам деген ойда жүр. Осының бәрін ескеріп, таңдау жасауда неге мән берген жөн екенін айтып, жөн сілтеу – біздің басты мақсатымыз болды. Кәсіби бағдар тобы жоғары сынып оқушылармен кезекті кездесуін Түркістан қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы №1 жалпы орта мектебі мен «Төле Би атындағы №19 жалпы орта мектептерінде жалғастырды. “Қабылдау науқаны және маркетинг” бөлімінің басшысы, Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы А.Ә.Алайдаров пен жетекші маман Ж.Сұлтанхан білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берді. Оқушылар оқу процесінің қалай жүргізілетінінен бастап, диплом алған соң жұмысқа орналасу, сұраныс бар мамандық па деген секілді өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Құрметті талапкер, егер де сізге қандай да бір көмек керек болған жағдайда төменде көрсетілген электронды поштаға хабарлама жазсаңыздар болады.
talapker@iuth.edu.kz