Кеше Түркістанда бұрын соңды болмаған, ең ауқымды спорттық шараның ашылуы өтті.⠀

Кеше Түркістанда бұрын соңды болмаған, ең ауқымды спорттық шараның ашылуы өтті.⠀
Ел Тәуелсіздігінің және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ң 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отырған XI-ші жазғы Универсиада ойындарының ресми ашылуы өте жоғары деңгейде өтті. Әрбір қойылым ұлттық нақыш пен креативке толып тұр.
Бұл универсиадаға спорттың 30 түрі бойынша еліміздің әр аумағынан мықтылар жиналуда. Олардың ішінде біздің Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттері де бар. Олар спорттың бірнеше түрі бойынша сынға түседі.
Биылғы жеңімпаздар 2022 жылы Қытайда өтетін Дүниежүзілік жазғы Универсиадаға Қазақстан құрама командасы сапында ел намысын қорғайтын болады.