Университет тарихы

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің тарихы

Халықаралық туризм және меймандостық университеті Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың бастамасымен құрылды.

Ақмола облысында өткен көшпелі кеңес отырысында Н.Назарбаев отандық туризм саласын дамытудың маңыздылығын айтып, туризм саласында тұңғыш бейімді университет құру жөнінде хаттамалық тапсырма берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Ұлытау-2019» халықаралық туристік форумы барысында туризм саласында білікті кадрлар даярлау және Қазақстанда туризм университетін құру қажеттігін айтты.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы наурыздағы қаулысымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жанынан Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті құрылды. Халықаралық университеттің Жібек жолы бойындағы Түркістан шаһарында орналасуының символдық мәні зор.

Қазіргі уақытта университетте сегіз білім беру бағдарламасы бойынша оқу үдерісі жүреді. Олар туризм және меймандостық индустриясын ұйымдастыру, халықаралық және ішкі туризм, экскурсиялық қызметтер мен жеке турларды ұйымдастыру, қонақ үй және мейрамхана бизнесі, туристік бағыттарды басқару, дене шынықтыру және спорт, дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық, спорттық дене шынықтыру

Университетке отандық және шетелдік үздік профессорлар шақырылды. Профессорлар құрамы 89 оқытушыдан тұрады: 6 – профессор, 42 – ғылыми дәрежелі оқытушылар (ғылым докторлары мен кандидаттары, PhD),

1 – шетелдік профессор.

2020 жылы, яғни алғашқы оқу жылында, университетке еліміздің әр өңірінен 588 студент түсті. Бұл көрсеткіш қазіргі жастардың туризм саласына деген қызығушылығының жоғары екенін көрсетеді.

Түркістанға еліміздің түкпір-түкпірінен оқуға келген студенттер оқу үдерісіне қосылып қана қоймай, студенттік өмірді белсенді дамыту мақсатында бірқатар бастамалар көтерді.

Университет тәжірибелік сабақтардың маңызды екенін ескере отырып, студенттерге қонақүй және мейрамхана бизнесін меңгеру бойынша шеберлік сабақтарын үнемі ұйымдастырады. Осы тұрғыда, университет  Rixos Turkistan қонақ үйі, «Edem», «Silk Way» қонақ үй-мейрамхана кешені, «Орталық Қазақстан туризм, қонақ үй, мейрамхана және қолөнер бизнесі қауымдастығы», «Қазақ туристік қауымдастығы», «Қазақстан Республикасының туроператорлар қауымдастығы», «Қазақ қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығы» және т.б. сенімді серіктестік келісім бар. Университет өзінің шетелдік серіктестерімен үнемі тығыз байланыс орнатып, дамытып отырады және олардың саны күн санап артып келеді.

Қазіргі уақытта университет басшылығы Түркия, Франция, Польша, Словакия, Таиланд, Малайзия және т.б. жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы келісімдерге ие. Университеттің ЮНЕСКО (Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі) және UNWTO (Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік туристік ұйымы) сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы ортақ болып табылады. Университеттің серіктес мүшесі болғандықтан, біз ЮНВТО кітапханасы және барометр сияқты ресурстарға қол жеткізді.

Бірегей университет орналасқан қаланың тарихы – қазақ халқының шежіресі. Ежелгі Түркістанның жаңғыруы мен жаңаруы, әрқашан Қазақстан Республикасы үкіметінің бақылауында болады. Ұлы мұраны ұмытпай, қастерлейтін халықтың миссиясын түсінуі де осы. Ал Халықаралық туризм және меймандостық университеті бұл ұлы мұраның бір бөлігі болғанын мақтан тұтады.