Студенческая жизнь

Студенттік үкімет

Студенттік үкімет – студенттік  бастамаларды дамытады және қолдайды, шығармашылық, кәсіби, өзін-өзі басқару бойынша және талантын жүзеге асыруға жол ашады. Университеттің студенттік ұйымдары студенттерді қызығушылықтары бойынша біріктіріп қана қоймай, оларға бірлесіп маңызды шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Аты-жөніЛауазымыФункциялары

Байжомартова Даяна

Ғылым және білім комитетіКомитет студенттерді университеттің ғылыми өміріне тартуға бағытталған. Ауқымды да, университет ішінде де түрлі ғылыми-зерттеу конференцияларын өткізу. Мақсат-университетімізді жоғары деңгейге көтеру.
Махсут ДинараШығармашыл жастарды қолдау және студенттердің бос уақытын ұйымдастыру комитетіХТжМУ бойынша сапалы студенттік өмірді дамыту үшін жұмыс жасау.Комитеттің тікелей міндеті-студенттердің барлық жоспарларын жүзеге асыруға көмектесу. Студенттік клубтар ашу, студенттердің бастамасымен іс-шаралар ұйымдастыруға көмектесу. Біздің студенттердің бос уақытын ойын-сауық және даму сипатында ұйымдастыру. Ең бастысы, бұл студенттер мен комитеттің сенімі мен тығыз қарым-қатынасы және Біз арманымыздағы студенттік өмірді бірге құра аламыз!
Айдарқызы АнельСтуденттің құқығын қорғау комитетіКомитет жоғары оқу орнында сапалы білім алу құқығымызды қорғау үшін жұмыс істейді. Студенттер оқу процесінің орталық бөлігі болғандықтан, біздің пікіріміз университеттің білім беру бағдарламалары мен қызметінің мазмұны мен ұйымдастырылуының тиімділігін бағалау процесінде маңызды рөл атқарады. Біз үшін әрбір студенттің өз университетінің дамуына қатысу құқығы туралы хабардар болуы, сондай-ақ білім беру сапасын қамтамасыз ету процесінің маңыздылығын түсінуі өте маңызды. Біздің университеттің осы комитетінің көшбасшысы болу үлкен мәртебе. Біздің елімізде және кез-келген әлеуметтік салада әр адамның дауысын есту маңызды. Мен және біздің комитет бір тату команда болып жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз.
Мынбаев ИманғалиПарламент СпикеріКомитеттерге төрағалық етемін, парламенттік рәсім қағидаларының сақталуын қадағалаймын.
Акжолов СпандиярАқпараттық саясат комитетіБіздің басты мақсатымыз ақпараттық ашықтықты қалыптастыру, ақпараттық кеңістікті кеңейту, сондай-ақ студенттерді университеттегі өз құқықтары мен міндеттері туралы ақпараттандырудың барынша толықтығын қамтамасыз ету.
Аймера ШанкееваВолонтерлікті дамыту және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитет

Комитеттің міндеттері:

– қоғамға әлеуметтік міндеттерді шешуге көмектесу;

– Волонтерлік қызметті ұйымдастыруға бағытталған бастамаларды дамыту және қолдау;

– халықтың әртүрлі нысаналы топтарымен және санаттарымен өзара іс-қимылда волонтерлік қызметтің рөлін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру.

Имашева НаргисСалауатты өмір салтын қалыптастыру комитетіБіздің комитеттің басты мақсаты студенттердің денсаулығын физикалық жағынан ғана емес, психикалық жағынан да қолдау. Біз және мен, атап айтқанда, жауапты тұлға ретінде біз өз мақсатымызды орындауға тырысамыз.
Турманова АсельТілдерді дамыту және мәдени мұраны қолдау комитетіМақсаты: Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттерін қазақ халқының мәдени мұрасын насихаттауға, мемлекеттік тіл – қазақ тілінің сапасын арттыруға, сондай-ақ әртүрлі жиналыстарда тілдің маңыздылығын арттыруға және мәдени мұраны насихаттауға ынталандыру.
Досанов БекзатДіни экстремизмнің, терроризмнің алдын алу комитетіБүгінгі таңда экстремизм мен лаңкестік қазіргі әлемдегі ең маңызды қауіптердің бірі. Әсіресе жастар арасында. Жастар арасынан көп жағдайда дәстүрлі емес ағымдардың әсері байқалады, олар бүгінгі күнде жастарды өз қатарына тартады. Біздің комитетті құру мақсаты – біздің  студенттерімізді  алдын алу және ескерту. Біздің елімізге, экстремизм мен лаңкестіктен төнетін қауіп пен зиян туралы хабарлау. Біздің жұмысымыз әртүрлі тренингтерді өткізу, студенттерімен қарым-қатынас жасау.
Алгиев АсылжанЭкология және қоршаған ортаны қорғау комитетіКомитет қала мен университеттің тазалығына бағытталған. Біз табиғатты қорғау бойынша акциялар, сонымен қатар фестивальдер мен байқаулар өткіземіз. Біз Жасыл планета үшін!