Адилова Культай Агытаевна

kultay.adil@iuth.edu.kz
Қазақстан, Түркістан қаласы, Рабиға Сұлтан Бегім көшесі 14 "А"

Адилова Культай Агытаевна

Басқарма мүшесі, Академиялық және ғылыми істер жөніндегі вице ректор

02.01.1977 ж.

Білімі:

1994-1995 жж.

  • әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Мамандығы «Құқықтану»

1995-1999 жж.

  • Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті
  • Мамандығы «Құқықтану», біліктілігі: заңгер

2006-2008 жж.

  • Д.А. Қонаев атындағы университет
  • Мамандығы  «Қаржы», біліктілігі: қаржы бакалавры

2011-2013 жж.

  • Д.А. Қонаев атындағы университет
  • Мамандығы  «Қаржы», біліктілігі: әлеуметтік ғылымдар магистры

2006-2009 жж.

  • Аспирантура, мамандығы 12.00.02 – «конституциялық құқық,  муниципалдық құқық, әкімшілік құқықы, қаржы құқығы»
  • 2009 ж. «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды қалыптастырудың конституциялық құқықтық негіздері» тақырыбында кандидаттық диссертацияны қорғау

Кәсіби еңбек өтілі:

  • 09.2021 ж. бастап «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі, Академиялық және ғылыми істер жөніндегі Вице ректоры;
  • 2023 жылдан бастап «Қазақстан туризмін әлемдік деңгейде жақсарту мақсатында саяхатшылардың пікірлері негізінде үлкен деректерді (Big Data) талдау және мәтінді өңдеу» атты гранттық жобаның орындаушысы;
  • 2022 жылдан бастап Туризм саласындағы кәсіби стандарттарды әзірлеу жөніндегі Жобалық топтың мүшесі және Туризм саласындағы жаңа кәсіби стандарттарды жаңарту және әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының үйлестірушісі;
  • 2022 жылдан «Туризм менеджерінің қызметтерін көрсету»; «Қонақ үй шаруашылығы менеджерінің қызметтерін көрсету» кәсіби стандарттарын әзірлеу бойынша Жоба жетекшісі;
  • 2021 жылдан бастап ҚР ҒЖБМ «Жоғарғы білімді дамыту ұлттық орталығының»  сарапшысы;
  • 2019-2021 жж. Еуразия технологиялық университетінің Құқық мектебінің директоры;
  • 2019 ж. «Ұлттық аударма бюросы» Қоғамдық қорының «100 кітап» жобасының ғылыми редакторы;
  • 2014-2019 жж. Сүлеймен Демирел атындағы университеттің Құқықтану кафедрасының меңгерушісі;
  • 2011-2014 жж. Д.А. Қонаев атындағы университеттің Конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі;
  • 2003-2011 жж. Д.А. Қонаев атындағы университеттің Конституциялық және халықаралық құқық кафедрасы меңгерушісінің орынбасары;
  • 2003-2007 жж. Д.А. Қонаев атындағы университеттің Конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы;
  • 2000-2003 жж. Оңтүстік Қазақстан Ашық университетінің Құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы.

Кәсіби дағдылары:  қазақ тілі – ана тілі, орыс тілі – еркін,   түрік тілі – еркін,   ағылшын тілі – орташа, Компьютерді игеру деңгейі – өте жақсы (MS Office (Word, Excel, Power Point).

Кәсіби дағдылар:

  • Жоғары оқу орнының академиялық және ғылыми бағыттағы қызметі ұйымдастыру және басқару;
  • Ғылыми зерттеу орталығының қызметін ұйымдастыру және басқару, халықаралық конференциялар, форумдар, ғылыми әдістемелік семинар тренингтер ұйымдастыру және өткізу;
  • Жоғары оқу орнының тәрбие және әлеуметтік мәдени даму бағытындағы қызметін ұйымдастыру және басқару, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының қызметін ұйымдастыру;
  • Жоғары оқу орнының халықаралық ынтымақтастық бағытындағы қызметін ұйымдастыру және басқару, шетелдік серіктестермен келіссөздер жүргізу, оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру;
  • Студенттердің дуалдық білім алу бағдарламасын ұйымдастыру, дуалдық білім беруді дамыту мақсатында өндіріс орындарымен, жұмыс берушілерімен келіссөздер жүргізу;
  • Жаңа мамандықтарға лицензия алу, жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларына лицензияға қосымша алу үшін құжаттарды әзірлеу;
  • Жоғары оқу орнының институционалдық және бағдарламалық аккредиттеуден өтуі және мемлекеттік аттестациядан өтуі үшін құжаттарды әзірлеу;
  • Білім беру бағдарламаларын сараптамадан өткізу, білім беру бағдарламаларын әзірлеу, жаңарту, бенчмаркнинг және аудит жасау;
  • Жоғары оқу орнының алқалы органдарының жұмысын ұйымдастыру (Ғылыми кеңес, Оқу әдістемелік кеңес, Ғылыми техникалық кеңес, Академиялық кеңес, т.б.)
  • ҚР аумағында және шетелдерд оқытушыларғағ докторанттар мен магистранттарға арналған кәсіби біліктілікті арттыру курстарын, семинар тренинтер ұйымдастыру және өткізу;
  • Жоғары оқу орнының ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеу, келісім шарттарды әзірлеу және сараптама, құқықтық талдау жасау;
  • Ғылыми жобаларға қатысу үшін құжаттар әзірлеу және ғылыми жобаларға қатысу;
  • «Ұлттық аударма бюросы» Қоғамдық қорының «100 кітап» жобасы аясында қазақ және орыс тілдерінде «Интеллектуалдык меншік құқығы», «Право интеллектуальной собственности» курсы бойынша бейне материалдар әзірлеу және қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілері бойынша аналитикалық қорытындылар беру.

Біліктілікті көтеру:  

  • «Жоғары оқу орындарының білім беру үдерісіне ЖАОК әзірлеу және интеграциялау» сертификаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты (2023ж.);
  • Coursera “Leading Teams: developing as a Leader” сертификаты (2023 ж.);
  • «Білім берудегі Менеджмент» сертификаты (2022 ж.);
  • «Құқық негіздері» пәнін оқыту әдістемесі бойынша Өрлеу РӘО сертификаты (2022 ж.);
  • «Гибридті, аралас оқыту және оқу» сертификаты (2021 ж.);
  • «Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жаңарту» сертификаты (2021 ж.);
  • «Білім берудегі тиімді менеджмент» сертификаты (2021 ж.);
  • «Оқу үдерісіндегі цифрлық құзыреттер» сертификаты (2020 ж.);
  • «Білім берудің жаһандық стандарттары: КИМЭП үлгісі», ҚР БҒМ (2020 ж.); 
  • «Кейс әдісі және оны ЖОО бағдарламасына қалай енгізу керек» сертификаты (2020 ж.);
  • «Цирфлық сауаттылық (қашықтықтан оқыту технологиялары) сертификаты (2019 ж.);
  • «Жоғары білім берудегі инновациялық технологиялар мен и цифрлық  трансформациялар» (2019 ж.).

Жарияланымдары, ғылыми еңбектері, мемлекеттік наградалар және марапаттаулар:

60-тан астам ғылыми жарияланымдардың авторы, оның ішінде 1 монография, 3 оқу құралы, “Ұлттық аударма бюросы” қоғамдық қорының “100 кітап” жобасында ЖАОК курсы, “Туризм менеджерінің қызметтерін көрсету”; “Қонақ үй шаруашылығы менеджерінің қызметтерін көрсету”” кәсіби стандартын әзірлеу бойынша жоба жетекшісі.

  Жүлделер, марапаттар:

  • Саланы дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Мәдениет және спорт министрінің Алғысы (2022 ж.);
  • Түркістан облысының дамуына қосқан үлесі үшін Түркістан облысы Полиция департаментінің алғысы және “Қазақстан полициясына 30 жыл” төсбелгісі (2022 ж.);
  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Туризм индустриясы комитетінің еліміздің туризм саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Алғысы (2021 ж.);
  • Білім, туризм және спортты дамытуға қосқан үлесі үшін Халықаралық туризм және меймандостық университеті ректорының Құрмет грамотасы (2021 ж.);
  • Сулейман Демирел университетінің дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесі үшін СДУ ректорының Алғысы (2021 ж.);
  • ҚР Білім және ғылыми министрінің Қазақстан Республикасының білім беру саласын дамытуға қосқан жеке үлесі үшін Алғыс хаты (2017 ж.);
  • Сулейман Демирел университетінде жаңа мамандықтар ашудағы және университетті дамытудағы үлесі үшін  ректордың Алғысы (2017 ж.);
  • ҚР Білім және ғылыми министрлігінің «Қазақстан Республикасының ғылым саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі мен куәлігі  (2013 ж.);
  • Д.А. Қонаев университеті ректорының университетті дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хаты (2011 ж.).

Лауазымдық міндеттері

  • Университет жарғысында белгіленген шектерде қызмет бағыты бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншік нысанына қарамастан мекемелер мен ұйымдарда университеттің мүдделерін білдіру.
  • Ректор тапсырмаларының орындалуын бақылау, өз құзыреті шеңберінде Ғылыми кеңестің шешімдері мен ректор бұйрықтарының орындалуын қамтамасыз ету.
  • Жетекшілік ететін бөлімшелердің қызметкерлерімен жеке еңбек қатынастарын реттеу.
  • Жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің, оның ішінде мектептердің академиялық және ғылыми қызмет жөніндегі жұмысын бақылау, басшылық ету және үйлестіру.
  • Университет қызметінің оқу-әдістемелік бағытының жұмыс істеу тиімділігін қамтамасыз ету.
  • Университеттің Ғылыми кеңесінің қызметін үйлестіру.
  • Университеттің академиялық және ғылыми жұмысы бойынша барлық консультативтік-кеңестік органдарды үйлестіру және бақылау.
  • Университетте жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту бойынша жұмысты бақылау және үйлестіру.
  • Университет бөлімшелерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын (бұдан әрі – ҒЗЖ) орындау жөніндегі қызметін бақылау.
  • Университеттің байланыстарын, Қазақстан Республикасы ҒЖБМ мекемелерімен, жетекші салалық ғылыми-зерттеу мекемелерімен және ұйымдарымен ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты ұйымдастыру және нығайту.
  • Университет білім алушыларының профессор-оқытушылар құрамының жұмыс конкурстарына, мемлекеттік стипендияларға, ҒЗЖ орындағаны үшін басқа да сыйлықтар мен марапаттарға қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты бақылау және үйлестіру.
  • Ғылыми, ғылыми-өндірістік қызмет саласындағы шетелдік жоғары оқу орындарымен, ғылыми мекемелермен ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуді қамтамасыз ету.
  • Еңбек тәртібін және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды сақтау.
  • Жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз ету.
  • Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін қабылдау, ауыстыру, жұмыстан шығару, материалдық көтермелеу, біліктілігін арттыру, тәртіптік жазалау мәселелері бойынша белгіленген тәртіппен университет басшылығына ұсыныстар енгізу.