Аралбекова Қарлығаш Әмірқызы

karligash.aralbekova@iuth.edu.kz
Қазақстан, Түркістан қаласы, Рабиға Сұлтан Бегім көшесі 14 "Б"

Аралбекова Қарлығаш Әмірқызы

Қаржы және бюджет жөніндегі Проректор

Өмірбаяны

Туылған жылы: 25.07.1977 ж.

Қоғамдық қызметі:

  • 2020 жылғы қаңтардан бастап – “Ауыл” партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа Кандидат;
  • 2015 жылғы наурыздан 2017 жылғы сәуірге дейін – “Атамекен” кәсіпкерлер палатасы бойынша облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы;
  • 2014 жылдың қазан айынан 2015 жылдың ақпан айына дейін Облыстық іскер әйелдер қауымдастығының “Әйел және Қаржы” секциясының жетекшісі.

Жеке қасиеттері: жұмысқа қабілеттілік, еңбексүйгіштік, адалдық, коммуникабельділік, көпвекторлы ойлау, көшбасшылық қасиеттері, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңге жоспарлау қабілеті, жұмыстың ең қиын жақтары үшін жауапкершілікті өзіне ала білу және қойылған міндеттерге қол жеткізу, тез үйрену және оқыту.

 

Кәсіби жұмыс тәжірибесі:

  • 01.2006 жылдан 04.2015 жылға дейін – банк жүйесінде 10 жыл жұмыс тәжірибесі, оның ішінде 3 жыл – орта буын басшысы және 7 жыл – бірінші басшы;
  • 04.2015 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін-мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарда 7 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.
  • 26.01.2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Халықаралық туризм және меймандостық университетінің Қаржы және бюджет жөніндегі Проректор, басқарма мүшесі.
  • 24.03.2020 – 26.01.2021 жылдары – ҚР министрлігі Туризм индустриясы комитеті басқармасының басшысы.
  • 25.04.2018 – 20.03.2020 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің Туризм басқармасының басшысы (Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының қайта ұйымдастырылуына және Туризм басқармасының жеке басқармаға бөлінуіне байланысты).
  • 24.04.2017-25.04.2018 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы.
  • 18.05.2015-23.04.2017 жылдары – “Атамекен” өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры.
  • 01.2006 жылдан 04.2015 жылға дейін (банк жүйесінде 10 жылдан астам тәжірибесі, оның ішінде 3 жыл – орта буын басшысы және 6 жыл – бірінші басшы), 09.2013 жылдан 04.2015 жылға дейін “Банк Центр Кредит” АҚ жүйесінде жұмыс істеді, 02.09.2013 – 17.04.2015 жылы “Банк Центр Кредит”АҚ Тараз қаласы филиалының директоры.
  • 05.2009-02.2012 жылдары “Альянс Банк”АҚ жүйесінде жұмыс істеді.
  • 13.02.2012-01.09.2013 жылдары “Альянс Банк” АҚ Тараз қаласы филиалының директоры.
  • 08.09.2009-12.02.2012 жылдары “Альянс Банк” АҚ шағын және орта бизнесті кредиттеу департаментінің директоры (Бас кеңсе).
  • 01.04.2009-08.09.2009 жылдары “Альянс Банк” АҚ ШОБ департаменті Өңірлік үйлестіру басқармасының бастығы (Бас кеңсе).
  • 01.2006 – 04.2009 жылдары “АТФ Банк” АҚ жүйесінде жұмыс істеді.
  • 01.12.2008-01.04.2009 “АТФ Банк” АҚ банктік қызмет көрсету орталығының директоры.
  • 05.01.2008-01.12.2008 жылдары “АТФ Банк” АҚ ШОБ департаменті Өңірлік үйлестіру басқармасының өңірлік менеджері.
  • 02.2007-05.2008 жылдары “АТФ Банк” АҚ ШОБ департаменті әдіснама және өнімдерді әзірлеу басқармасының бастығы.
  • 01.2006-02.2007 жылдары “АТФ Банк” АҚ ШОБ департаменті әдіснама және өнімдерді әзірлеу басқармасының бас маманы.
  • 2003-2005 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің “Қаржы және несие” кафедрасының оқытушысы (Ғылыми дәреже алу үшін диссертация жазуға ізденуші). Сонымен қатар “Бетта Плюс” ЖШС несие менеджері болып жұмыс істеді.

Білімі

  • 1994-2000 ж.ж.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
    Мамандығы: Халықаралық экономикалық қатынастар (бакалавр)
  • 2001-2003 ж.ж. Абай атындағы Алматы университеті
    Мамандығы: Қаржы және несие (экономика магистрі)

Грамоталар, марапаттары

  • ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев қол қойған Қазақстанның 25 жылдығына арналған құрмет медалі.
  • Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Т.А. Құлыбаев қол қойған Қазақстан Республикасының кәсіпкерлігін дамытуға қосқан үлесі үшін "Атамекен" құрмет медалі, 2016 ж.
  • "Альянс Банк" АҚ Басқарма төрағасы М.Р. Қабашевтың мемлекеттік бағдарламаларды қайта құрылымдау және табысты іске асыру кезеңінде банктің дамуына қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасы, шілде 2011 ж.
  • Қаржы саласын дамытуға белсенді қатысқаны және үлес қосқаны үшін Тараз қаласының әкімі Б.С. Орынбековтың Ұлттық валюта күніне арналған Құрмет грамотасы, қараша 2012 ж.
  • "Даму Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Басқарма төрайымы Л.Е. Ибрагимованың "Бизнестің жол картасы 2020" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттерге кепілдік беру құралын белсенді ілгерілеткені үшін Құрмет грамотасы.
  • "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының "Кәсіпкерлердің қарыздары бойынша кепілдік беру" құрамдауышын іске асыру кезінде елеулі үлесі үшін Даму Қорының директоры Р. Төлегеновтың "Үздік Банк" құрмет грамотасы.
  • Жамбыл облысының әкімі Қ.А. Бозымбаевтың алғысымен және ризашылығымен қаржы саласын дамытуға белсенді қатысқаны және қосқан үлесі үшін Құрмет Грамотасы, қараша 2013 ж.
  • "Нұр ОТАН Халықтық-Демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының бірінші орынбасары М.А. Берік қаржы саласын дамытуға белсенді қатысқаны және қосқан үлесі үшін Құрмет Грамотасы, қараша 2013 ж.
  • Жамбыл облысының әкімі К.Н. Көкрекбаевтың қаржы саласына белсенді қатысқаны және оны дамытқаны үшін Құрмет грамотасы, қараша 2014 ж.

Қосымша курстар, сертификаттары

  • Оңтүстік Кореяда семинар өткендігі туралы Сертификат - "KB-BCC JOB TRAINING COURCE", Қыркүйек 2014 ж.
  • Лондондағы, Westminster Management London UK "Коммерциялық жылжымайтын мүлік жобаларына кредит беру бойынша батыс банктерінің тәжірибесі" семинарынан өткені туралы Диплом, наурыз 2007 ж.
  • "Performance appraisals" семинарынан өткені туралы Сертификат, наурыз 2006 ж.– Kazakhstan institute of management economics and strategic research.
  • "Letter of credit. Trade finance. Currency control" семинарынан өткені туралы Сертификат, Kazakhstan institute of management economics and strategic research.
  • "Finance for non-financials" семинарынан өткені туралы Сертификат, сәуір 2007 ж.– Алматы, University of international business, UIB Consulting.