Оқу үдерісін ұйымдастыру бөлімі

БӨЛІМНІҢ МАҚСАТЫ

  • университетте Оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімді жүйесін енгізу, қолдау және жетілдіру;
  • оқу үдерісін ұйымдастыруда университет саясатын жүзеге асыру;
  • білім беру қызметімен айналысу үшін берілген мемлекеттік лицензияға сәйкес білім беру бағдарламаларын (бұдан әрі – ББ) іске асыру бойынша университеттің оқу-әдістемелік қызметін ұйымдастыру;
  • оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша құрылымдық бөлімдерге ұсынымдарды әзірлеуге қатысу және іске асыруға көмектесу;
  • оқу үдерісінің тиімділігі мен оқыту сапасын арттыру;
  • инновациялық білім беру технологияларын, оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін оқытудың заманауи әдістерін енгізу бойынша кафедралардың жүзеге асыруын бақылау;
  • профессор-оқытушы құрамының, білім алушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында отандық және шет елдік жоғары оқу орындарымен алмасуын ұйымдастыру;
  • білім алушылардың өндірісте дуалдық оқу бағдарламасы бойынша білім алуын ұйымдастыру;
  • кәсіптік практиканы өткізу және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындауды ұйымдастыру.

БӨЛІМНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

  • білім беру бағдарламаларын «Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті» стандартына сәйкес жоспарлау және іске асыру;
  • аталған жұмыс түрлеріне жауап беретін құрылымдық бөлімдермен (Оқу үдерісінің сапасын бақылау бөлімі, Деканат) бірлесіп ББ, оқу жоспарларын, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау бойынша материалдарды әзірлеуді бақылау;
  • оқу жылына арналған академиялық күнтізбені бекітуге ұсыну;
  • бөлім қызметінің саласына қатысты ректорат тапсырмаларын кафедралармен орындалуын және есептіліктің ұсынылуын бақылау;
  • жұмыс оқу жоспарларының жасалуын және олардың бекітуге ұсынылуын бақылау;
  • ББ іске асыруға лицензиялық талаптарының орындалуын бақылау;
  • ПОҚ оқу жүктемесінің және сағаттық төлемнің орындалуын есепке алу және бақылау;
  • ПОҚ жеке жүктемесін жасауды бақылау;
  • кафедралардың жалпы сағат (кредит) есебін, штат кестесін қадағалап, бекітуге ұсыну;
  • оқу сабақтары мен емтихан сессияларының өтуін қадағалау;
  • Оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша есептік құжаттарды сақтау және жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  • отандық және шет елдік серіктес жоғары оқу орындармен академиялық ұтқырлық бағдарламасы блойынша ПОҚ және білім алушыларды алмасу шарттары мен талаптары бойынша келіссөздер жүргізу;
  • академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқып жатқан білім алушылар мен ПОҚ бойынша құжатарды реттеу, қадағалау және сақтау;
  • кәсіптік практиканы өткізу және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау, келісім-шарттар жасауын қадағалау;
  • кәсіптік практика бойынша ашылу, жабылу, қорытындылау конференцияларына қатысу, қорытынды хаттамаларын жинақтау;
  • дуальды оқыту жүйесі бойынша ұйымдармен жасалатын келісім-шарттарды жасау;
  • білім алушылардың дуалды білім беру және тәжірибеден өтуін бақылау.

БӨЛІМНІҢ ҚҰРАМЫ

Бөлім басшысы

Жумжаева Гульнара Куралбековна

Ректорат, № 301 кабинет

zhumzhayeva.g@iuth.edu.kz

Бас маман

Қарашбаева Клара Тилеуовна

Ректорат, № 301 кабинет

karashbaeva.k@iuth.edu.kz

Бас маман

Алимбеков Дамирбек Аскарбекович

Ректорат, № 301 кабинет

damirbek.alimbekov@iuth.edu.kz

Бас маман

Сапарбекова Гульнара Амангельдиевна

Ректорат, № 301 кабинет

saparbekova.g@iuth.edu.kz