Тілдер орталығы

ТІЛДЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МИССИЯСЫ:

Біз шет тілдері, жаңа таныстар мен жетістіктер әлеміне сенімді жолсерік ретінде қызмет ету үшін құрылғанбыз.

Университет 15 шетелдік жоғары оқу орындарымен және ғылыми – білім беру орталықтарымен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Еуропа, Таяу Шығыс, Оңтүстік – Шығыс және Орталық Азия университеттерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды: Сингапур, Малайзия, БАӘ (Шаржа), Австрия (Зальцбург), Франция (Анже) Өзбекстан (Самарқанд).

ТІЛДЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

  • Оқытылатын тілдер әлемі туралы білімді тереңдету;

  • Тіл теориясы мен аударма теориясын оқумен ұштастыра кәсіби аудармада практикалық дағдыларды дамыту;

  • Шет тілдерін қосымша және тереңдетіп оқыту бағдарламаларын қалыптастыру;

  • Білім алушылардың тілдік дайындық деңгейінің жоғарылауын қамтамасыз ету үшін оқу – әдістемелік іс – шаралар кешенін (курстар, тестілеу және т.б.) өткізу.

Серіктес ЖОО

  • “KinderWorld” Пегас Білім беру тобы, Сингапур;
  • “Тейлор Университеті”, Малайзия;
  • “Мәдени мұра институты”, БАӘ;
  • “Ресей халықтар достығы университеті”, Ресей Федерациясы;
  • “Туризм академиясы”, Анталия, Түркия;
  • “Туризм және қонақ үй менеджменті институты”, Австрия;
  • “Жібек жолы” халықаралық туризм университеті, Өзбекстан;
  • “Анже Университеті”, Франция.

ТІЛДЕР ОРТАЛЫҒЫ

Шет тілдерін үйрену кәсіби табысты мансап үшін маңызды компоненттердің бірі болып табылады.

Тілдер орталығының негізгі мақсаты – университет студенттерінің мәдениетаралық кәсіби коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту.

Біздің тілдер орталығында сіз БҰҰ – ның ағылшын, араб, қытай, түрік және француз сияқты бес негізгі тілінің бірін үйреніп, жетілдіре аласыз. Тілдік ортаға тез ену үшін кәсіби репетиторлардың көмегімен, сонымен қатар ана тілінде сөйлеушілердің көмегімен бір уақытта бірнеше тілді үйреніңіз.