Шетелдік талапкерлерге

ШЕТЕЛДІК ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ЖӘНЕ МЕЙМАНДОСТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҚАБЫЛДАУ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ:

  1. БІЛІМ БЕРУ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТЫ НЕГІЗІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ.

Білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін::

қазақ диаспорасының өкілі болу;

ҰБТ-ға міндетті түрде қатысу.

ҰБТ келесі пәндер бойынша өткізіледі:

  1. Қазақстан тарихы;
  2. математикалық сауаттылық;
  3. оқу сауаттылығы (оқу тілі);
  4. География.
  5. Шет тілі.

Тестілеу нәтижелері бойынша кемінде 65 балл жинау қажет.

Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқыту тілі және екі бейіндік пән бойынша – кемінде 5 балл.

 2. АҚЫЛЫ НЕГІЗДЕ.

Әңгімелесу нәтижелері бойынша.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Өтініш;
  2. Білім туралы құжаттардың түпнұсқасы (мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы);
  3. 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет;
  4. 086У нысанындағы медициналық анықтама;
  5. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (2 дана).

Құжаттарды тапсыру мерзімі:

  • 15 сәуірден 4 шілдеге дейін – ҰБТ тапсыруға қатысу үшін;
  • 20 маусымнан 20 тамызға дейін университетке қабылдау үшін өтініштер қабылданады.