Біздің студенттер Қарағандыда топ жарды

Қарағанды қаласында орналасқан Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университетінде 2022 жылдың сәуір айының 21-22 жұлдыздары аралығында Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша ХІІІ Республикалық онлайн пәндік олимпиада ұйымдастырылып өткізілді. Пәндік олимпиадаға 11 жоғары оқу орындарынан командалар қатысып Халықаралық туризм және меймандостық университеті 6В01402-Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық мамандығының 1-курс студенттері атап айтқанда Бекболат Мұқан, Боранбай Жанерке, Жұмағали Меруерт атты студенттеріміз ІІІ этаптан «Мамандығым мақтанышым» тақырыбында эссе жазу, «Үздік видео сабақ», «Сұрақ жауап» бойынша сынға түсіп жалпы командалық есеп бойынша ІІІ орын иеленді.

Университетіміздің атын шығарып жүрген ХІІІ Республикалық онлайн пәндік олимпиадаға қатысқан білімгерлер мен жетекшілік жасап дайындаған капитан Ахметов Бахытжан Раушанбекұлына алғыс айта отырып алдағы уақытта да биіктерден көрініп жеңістері көп болсын дейміз.