Халықаралық туризм және меймандостық университетінің Жастар саясаты және қабылдау науқаны бөлімі

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің Жастар саясаты және қабылдау науқаны бөлімі білім алушылар контингентін қалыптастыру, мектеп және колледж түлектерін университеттің білім беру бағдарламаларына кәсіптік бағдарлау процестерін, білім беру қызметтері нарығының қажеттіліктерін зерделеу, білім беру бағдарламаларын ілгерілету және оқытудың барлық бағыттары бойынша барлық бағдарламаларға қабылдау жоспарының орындалуын қамтамасыз ету негізінде білім беру қызметін ілгерілетуді ұйымдастыратын және үйлестіретін университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

БӨЛІМНІҢ МАҚСАТЫ

Бөлім жұмысының негізгі мақсаты тәрбие жұмысын кешенді, ағымдағы жоспарлауды қамтамасыз ету және оны университетте жүзеге асыру, болашақ талапкерлерді тарту мәселелері бойынша мектептермен және білім беру органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастыру, кезекті қабылдау науқанына талдау жүргізу, қабылдау комиссиясының және қабылдауды ұйымдастыру бөлімінің жұмысы туралы есепті қалыптастыру және талапкерлерді тарту бойынша жұмысты жетілдіру, келесі оқу жылына қабылдаудың сапалық көрсеткіштерін арттыру бойынша шаралар қабылдау.

БӨЛІМНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

– азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген білім алу құқықтарының сақталуын, қабылдаудың барлық рәсімдерін өткізуде жариялылық пен ашықтықты қамтамасыз ету.

       – мектеп және колледж оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру;

       – университеттің әлеуетті талапкерлерінің бірыңғай деректер банкін құру және жаңарту бойынша жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру;

       – ЖОО туралы ата-аналар мен талапкерлерді хабардар ету және олардың оқу орнына қызығушылығын анықтау;

       – университеттің кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;

       – қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;

       – ағымдағы жылдың түлектерін ҰБТ дайындауға және өткізуге көмек көрсету;

       – талапкерлерді ҰБТ-ға дайындау бойынша дайындық курстарын ұйымдастыру);

       – кәсіби бағдар беру қызметі шеңберінде дарынды балалармен жүйелі жұмысты жүзеге асыру (бейне-дәрістер, топтық және жеке сабақтар);

       – орта кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектері, сондай-ақ өткен жылдардың түлектері арасында, оның ішінде қашықтықтан өзара іс-қимыл нысанын қолдана отырып, кәсіптік бағдарлау жұмысының әртүрлі нысандарын әзірлеу және өткізу;

– қала және облыс мектептері түлектерінің контингентін талдау;

– студенттер контингентін тарту мәселелері бойынша облыстық, аудандық әкімдіктермен, оқу орындарымен, фирмалармен, кәсіпорындармен, бірлестіктермен және басқа да заңды тұлғалармен ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын ұйымдастыру және үйлестіру;

– факультет кафедраларымен бірлесе отырып, университет мамандықтары бойынша анықтамалық материалдар мен жарнамалық өнімдер әзірлеу;

– БАҚ мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қоғамда университеттің оң имиджін ұйымдастыру және құру;

– кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру жүйесін жетілдіру және оңтайландыру;

– тестілеу өткізу пункттерінде ҰБТ өткізу кезінде кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыру;

– факультеттің, кафедралардың кәсіби бағдар беру жұмысының тәжірибесін жинақтау, талдау және тарату.

ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ НАУҚАНЫ БӨЛІМІНІҢ ҚҰРАМЫ

Бөлім басшысы

Алайдаров Ақ-Әділ Әбушахмаұлы

Ректорат ғимараты, № 105 кабинет

akadil.alaidarov@iuth.edu.kz

Бас маман

Алшериев Ержан Мунайтпасович

Ректорат ғимараты, № 105 кабинет

erzhan.alsheriev@iuth.edu.kz

Бас маман

Сұлтанхан Жангелді Пернебекұлы

Ректорат ғимараты, № 105 кабинет

zhangeldi.sultankhan@iuth.edu.kz

Бас маман

Джаникулова Гульзира Кулмахановна

Ректорат ғимараты, № 105 кабинет

gulzira.dzhanikulova@iuth.edu.kz

Бас маман

Низамутдинова Альфия Султанбаевна

Ректорат ғимараты, № 105 кабинет

nizamutdinova.a@iuth.edu.kz