Кафедра
«ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ» КАФЕДРАСЫ
Кафедра тарихы:
2021-2022 оқу жылынан бастап «Спорт және жалпы білім беру пәндері» кафедрасынан бөлініп, «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасы деп аталып, жаңа құраммен жұмыс істей бастады.
Жалпы білім беру пәндері кафедрасы – бұл жоғары оқу орындарында үлкен тәжірибеге және ғылыми дәрежеге ие профессор-оқытушылар құрамынан құралған шығармашылық ұжым.
Кафедраның жұмысының негізгі бағыттары
– жалпы білім беру пәндері бойынша оқу-әдістемелік ж:ұмысын ұйымдастыру және жүргізу;
– білім беру үрдісінде жаңа инновациялық технологияларды қолдану, қазіргі таңдағы індетке байланысты қашықтықтан оқытудың тиімді әдістерін пайдалану, сабақ жүргізудің сапасын арттыру;
– студенттерді мемлекеттік тілді құрметтеуге, «Тілдердің үштұғырлығы» бағдарламасы негізінде үш тілді жетік меңгеруге, қазіргі заман талабына сай шет тілдерін білуге үйрету;
– студенттердің Қазақстан тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілігін дамыту, патриоттыққа тәрбиелеу, салауатты өмір сүру салтын сақтауға тәрбиелеу, бірінші курс студенттерінің оқу процесіне бейімделуін қамтамасыз ету.
Қазіргі уақытта кафедра университеттің барлық мамандықтарында қазақ, орыс, ағылшын, түрік және қытай тілдерінің оқытылуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, кафедрада «Қазақстан тарихы», «Мәдениеттану», «Саясаттану», «Философия», «Әлеуметтану», «Психология» сияқты пәндер де оқытылады.
Кафедра меңгерушісі
Альжанова Эльмира Есиркеповна – тарих ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. E-mail: alzhanova.elmira@ iuth.edu.kz
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамында 21 штаттық қызметкер бар, оның ішінде 8 ғылым кандидаты, 10 аға оқытушы, 3 оқытушы магистр құрайды.
Кафедраның лаборанты:
Турлыбекова Жазира Құрманәліқызы. E-mail: turlybekova.zh@iuth.edu.kz
Кафедраның мекенжайы: Рабиға Сұлтан Бегім көшесі, 14б, №2 оқу ғимараты, 3-қабат, 303-кабинет.