Кафедра
Тілдер кафедрасының миссиясы – отандық ғылым мен экономиканы ілгерілету мақсатында ұлттық және халықаралық кәсіби қоғамдастыққа қызмет етуге дайын болашақ туризм және спорт мамандарын қазақ тіліне және шет тілдеріне сапалы үйрету.
Тілдер кафедрасы 2022 жылдың қыркүйегінде 6В11101 – Туризм және қонақжайлылық индустриясын ұйымдастыру, 6В11102- Халықаралық ішкі туризм, 6В11103 – Экскурсиялық қызметтер мен жеке турларды ұйымдастыру, 6В11104 – Қонақ үй және мейрамхана бизнесі, 6В11105 – Туристік дестинациялар менеджменті, 6В11107 – Спорттық-сауықтыру фитнесі білім бағдарламалары бойынша оқитын студенттердің тілдік деңгейін сапалы жақсарту мақсатында құрылды.
Кафедраның негізгі мақсаты – студенттердің қоғамдық және кәсіби қызмет процесінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасау үшін шет тілдерін (қазақ, ағылшын, орыс, түрік және қытай) белсенді меңгеруіне ықпал ететін оқу процесінің шарттарын қалыптастыру және ұйымдастыру болып табылады.
Кафедра «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Шет тілі (ағылшын)», «English for Tourism Purposes I-II», «Іскерлік шет тілі (ағылшын)», «Минор 1. Халықаралық туризм индустриясына арналған шетел тілдері (түрік, қытай тілдерінде)», «Минор 2. Кәсіби мақсаттарға арнлаған шетел тілі (түрік, қытай тілі)» сияқты пәндер бойынша университеттің бакалавриат бағдарламасының студенттеріне дәріс беруді қамтамасыз етеді.
Кафедра жұмысының негізгі бағыттары:
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы 23 адамнан тұрады, оның 5 ғылым кандидаты, 5 PhD, 10 – аға оқытушы, 3 магистр.
Кафедра меңгерушісі
Файзулла Гүлназ Файзуллақызы филос.ғ.к., қауымд. проф. м.а
E-mail: faizulla.g@iuth.edu.kz
Моб: +7 776 388 83 93
Кафедра лаборанты:
Жақсыбек Арайлым.
E-mail: a.zhaksybek@iuth.edu.kz
Бөлім мекенжайы: көш. Рабиғи Сұлтан Бегім, 14б, No2 оқу ғимараты, 3 қабат, 304 кабинет.