Кафедра

Қонақжайлылық кафедрасы

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің «Қонақжайлылық» кафедрасы студенттер контингентінің өсуіне және білім беру бағдарламалар бағыттарының кеңейуіне байланысты «Туризм және қонақжайлылық» кафедрасының негізінде қалыптасқан. Қазіргі уақытта кафедра Болон декларациясына, кредиттік білім беру жүйесіне сәйкес бакалавриаттың екі білім беру бағдарламалары бойынша мамандықтарды дайындайды:

  • 6B11101 Туризм және қонақжайлылық индустриясын ұйымдастыру;
  • 6B11104 Қонақ үй және мейрамхана бизнесі.

Кафедрада осы саланың дамуына ықпал ететін жоғары білікті профессорлар-оқытушылар құрамы жұмыс істейді. Кафедраның профессорлар-оқытушылар құрамы 5 экономика ғылымдарының кандидаттарынан, 1 PhD, магистрлерден және туризм саласындағы 6 тәжірибелік мамандардан тұрады. 

Студенттердің білімін арттыру мақсатында мемлекеттік құрылымдардың, бизнес ұйымдардың өкілдері оқу және ғылыми үдеріске тартылған. Сондай-ақ, 2022-2023 оқу жылына әзірленген оқу жоспарлар заманауи экономикалық және де басқа өзгерістерді, бизнес өкілдерінің талаптарын ескеріп, соның ішінде кәсіби стандарт жобасының негізгі талаптарына («Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасымен әзірленген) сәйкес дайындалған. 

«Туризм және қонақжайлылық индустриясын ұйымдастыру», «Қонақ үй және мейрамхана бизнесі» білім беру бағдарламаларын әзірлеуге мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және отандық бизнестің өкілдері белсенді қатысады. 

2022-2023 оқу жылында «Туризм және қонақжайлылық индустриясын ұйымдастыру» оқу бағдарламасы бойынша 3 курста 63 студент, 2 курста 42 студент, 1 курста 147 студент оқиды; «Қонақ үй және мейрамхана бизнесі» білім беру бағдарламасы бойынша 3 курста 76 студент, 2 курста 158 студент, 1 курста 121 студент оқиды, жалпы екі оқу бағдарламалары бойынша 607 студент оқиды.

Теориялық білімдерді нығайту үшін кафедрада білім берудің дуалды жүйесі қызмет етуде, онда кейбір қолданбалы сипаттағы лекцияларды және практикалық сабақтарды «Керуен Сарай», «Top Tobe», «Humpton be Hilton», «Rixos» сияқты өндірістік базаларда бас менеджерлер жүргізеді, ол деген берілген білім беру бағдарламаларды терең оқуға ықпал етеді. Сондай-ақ, студенттерге жазғы демалыс уақытында шетел жоғары оқу орындарымен келісім шарттар жасалған тәжірибе базаларында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беріледі.