“ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ЖӘНЕ МЕЙМАНДОСТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ” КЕАҚ ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА ОРНАЛАСУҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ 2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНА

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар 2023 жылғы 29 маусымнан 29 шілдеге дейінгі кезеңде «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КЕАҚ ректоры атына бекітілген нысан бойынша өтініш береді.  

Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Түркістан қаласы, Рабиға Сұлтан Бегім көшесі, 14 А, 107 кабинет

Өзге қала тұрғындары үшін, құжаттарды  kense@iuth.edu.kz электронды поштасы арқылы жіберуге болады.

Қосымша ақпаратты +7 702 109 44 35, +7 701 751 99 70 телефондарына хабарласып немесе kense@iuth.edu.kz арқылы алуға болады.

Профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасу конкурсына «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КЕАҚ профессор-оқытушылар құрамының лауазымдарына қойылатын біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар адамдар жіберіледі.

Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

  1. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақша;
  2. Өмірбаян;
  3. Жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
  4. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
  5. Ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса);
  6. Медициналық анықтама № 075 нысан бойынша;
  7. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін есепке алу жөніндегі мәліметтердің болуы, не болмауы туралы анықтама;
  8. Наркологиялық ұйымның конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы анықтамасы;
  9. Конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  10. Жеке куәлік;
  11. Профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға үміткердің сабақ презентациясы (электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан аспайтын);
  12. зерттеуші профессордың, қауымдастырылған зерттеуші профессордың бос лауазымдарына орналасуға үміткердің ғылыми-зерттеу жұмысының жобасын таныстыру презентациясы (электронды түрде, көлемі 10 слайдтан аспайтын).

Жоғарыдағы тізімге сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаса өтініш қарастырылмайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (ғылыми жарияланымдар тізімі, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.