Конкурс туралы хабарлама

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ЖӘНЕ МЕЙМАНДОСТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ 2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНА ПРОФЕССОР ЖӘНЕ ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА ҚОСЫМША КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

 Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2022 жылғы 25 тамыз бен 9 қыркүйек аралығында университет ректорының атына өтініш (еркін нысанда) тапсырады (06, 07 каб. Тел: +77017519970 Маликова Акнур, +77767317124 Мырзахметов Берик).

Құжаттар Түркістан қаласы, Рабия Сұлтан Бегім көшесі №14А,  06, 07 каб. мекенжайы бойынша қабылданады.

Өзге қала тұрғындары үшін, құжаттарды kense@iuth.edu.kz электронды поштасы арқылы жіберуге болады.

Қосымша ақпаратты  +77017519970, +77767317124 телефондары немесе kense@iuth.edu.kz электронды поштасы арқылы алуға болады.

Профессор және оқытушылық құрамының бос лауазымдарына орналастыру бойынша конкурсқа «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КЕАҚ профессор-оқытушылар құрамының лауазымдарына біліктілік сипаттамаларына сәйкес жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар жіберіледі.

Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

  1. кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ;
  2. өмірбаян;
  3. жоғары білімі туралы, ғылыми және ғылыми дәрежелері туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  4. қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  5. ғылыми жұмыстар мен өнертабыстар тізімі (бар болса);
  6. № 075 нысандағы медициналық анықтама;
  7. адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті берген жазбалар бойынша мәліметтердің бар немесе жоқтығы туралы анықтама;
  8. наркологиялық ұйымның конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы анықтамасы;
  9. конкурсқа қатысушының тіркелмегені туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;
  10. жеке куәлік;
  11. ПОҚ бос лауазымдарына орналасуға сабақтың презентациясы(электрондық түрде, 10 слайдтан аспайды);
  12. профессор-зерттеуші, қауымдастырылған профессор зерттеуші бос лауазымдарына орналасуға ғылыми-зерттеу жұмысының жобасының презентациясы(электрондық түрде, 10 слайдтан аспайды).

Тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (ғылыми жарияланымдар тізімі, бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсыныстары), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ЖӘНЕ МЕЙМАНДОСТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ ТӨМЕНДЕГІ ПРОФЕССОР ЖӘНЕ ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

«Туризм» кафедрасы – профессор, профессор-зерттеуші, қауымдастырылған профессор, қауымдастырылған профессор зерттеуші (ғылым докторы және (немесе) ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) және (немесе) бейіні бойынша доктор), аға оқытушы, оқытушы ретінде. (магистрлер, жоғары білімі бар мамандар).

«Спорт» кафедрасы – профессор, профессор-зерттеуші, қауымдастырылған профессор, қауымдастырылған профессор зерттеуші (ғылым докторы және (немесе) ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) және (немесе) бейіні бойынша доктор), аға оқытушы, оқытушы ретінде. (магистрлер, жоғары білімі бар мамандар).

«Жалпы білім беру пәндері» кафедрасы – профессор, профессор-зерттеуші, қауымдастырылған профессор, қауымдастырылған профессор зерттеуші (ғылым докторы және (немесе) ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) және (немесе) бейіні бойынша доктор), аға оқытушы, оқытушы ретінде. (магистрлер, жоғары білімі бар мамандар).

«Қонақжайлылық» кафедрасы – профессор, профессор-зерттеуші, қауымдастырылған профессор, қауымдастырылған профессор зерттеуші (ғылым докторы және (немесе) ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) және (немесе) бейіні бойынша доктор), аға оқытушы, оқытушы ретінде. (магистрлер, жоғары білімі бар мамандар).

«Тілдік пәндер» кафедрасы – профессор, профессор-зерттеуші, қауымдастырылған профессор, қауымдастырылған профессор зерттеуші (ғылым докторы және (немесе) ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) және (немесе) бейіні бойынша доктор), аға оқытушы, оқытушы ретінде. (магистрлер, жоғары білімі бар мамандар).